Статистика блога
196
Записей
2824
Обращений
135063
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Объявления

Республикалық конкурс   «Еңбек жолы»

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» эгидасымен қоғамда Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында Қостанай облысында «Еңбек жолы» республикалық конкурс өткізіледі.

Конкурстың мақсаты: үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындау. Конкурсқа өндірістің барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп наградалары, ұзақ жылдық еңбек өтілі бар әулет таңдалады;

2) «Үздік жас қызметкер» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) номинацияны көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы еркін түрдегі өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

Мемлекеттік немесе ведомстволық сыйлықтардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері

біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (бар болғанда).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық мүдделі мәселелер бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет (Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 36, 1 кабинет,тел.: 8 7142 501404).

  

Отправить письмом