Блог статистикасы
195
Жазбалар
4799
Өтініштер
186962
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат

(2018 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша)

1.    Қаланы санитарлық тазалау және жинау жөніндегі қызметтердің мониторингі көліктерді пайдалануға кететін шығындарды 20-25%-ға төмендетуге және аумақты жинау сапасын бақылауға және тұрмыстық қоқыстарды шығаруға бағытталған. Бүгінгі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты бақылау жүйесіне қосылған коммуналдық техниканың жалпы саны 300 бірлікті құрайды.

GPS мониторингін ендірудің арқасында жанармай ұрлау саны айтарлықтай қысқарды, сондай-ақ жол жүру парақтарында автокөліктердің жүруін қосып жазу фактілерінің саны азайды.

Автомобильдердің аялдамалары, қозғалуы, қозғалу жылдамдығы, сондай-ақ май құюы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Экономикалық тиімділікке қол жеткізу үнемдеуде көрініс тапты:

- дизель отыны бойынша 10% -дан 15% -ға дейін;

- бензин бойынша 12% -дан 37% -ға дейін.

 

2.  Шұғыл қызметтердің (102, 103,112) жұмыс істеу мониторингі.

Жобаның тетігі әзірленбеген, іске асыру 2019 жылға жоспарланған. Өңірдегі жауапты орындаушы анықталмаған.

 

 

3.  Қостанай қаласындағы сыртқы жарықтандыруды басқарудың ААЖ-сін ендіру бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін пилоттық режимде 9900 шамның 1060 бірлігін ауыстыру жоспарлануда. Жоба 7 көшені қамтиды (Абай, Тәуелсіздік, Баймағамбетов, Гагарин, Бородин, Маяковский, Майлин). Қазіргі уақытта 1 083 шам орнатылып, жарықты басу арқылы электр энергиясын тұтыну бір шамды автоматты басқару айына 18 кВт құрайды, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айына 79кВт, электр энергиясын тұтыну 23% -ға азайды.

 

4.  Сондай-ақ, бағдаршамдарды басқарудың ААЖ енгізілді. Жүйе машина ағынының қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді. Экономикалық тиімділік - өткізу қабілетін арттыру, «жасыл толқын» режимі есебінен отын шығынын азайту, кептелістердің пайда болу ықтималдығын азайту және көлік құралдарының кешігуін 15-тен 30% -ға дейін төмендету болып табылады; шу деңгейі төмендеді.

Бүгінгі күні қолданыстағы 115 бағдаршамдардың 57-і жаңартылды. Пайдалануға және диагностикаға жұмсалатын шығындар 49,5%-ға азайды, ақаулықтарды анықтау уақыты қысқартылды.

 

5.     «Инватакси» қызметін цифрландыру жобасын ендіру бойынша. Жобаның мақсаты «Инватакси» қызметін ұсыну жағдайларын жақсарту, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасында ұсыныстары бар мүмкіндіктері шектеулі адамдардан тапсырыстар қабылдау процесін оңтайландыру, мүгедектердің қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Инватакси» қызметін цифрлау бойынша сайт іске қосылды.

 

6.    Қалалық жолаушылар көлігінің мониторингі, «Ақылды көлік» мобильдік қосымшасы.

             Бүгінгі күні диспетчерлендіру жүйесіне 39 қалалық маршрут қосылды, «Ақылды көлік» мобильдік қосымшасы жұмыс режимінде іске қосылды. Сонымен қатар, онлайн-сервисте мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін асты төмен автобустарды қадағалау көзделген, сондай-ақ жүйе «SmartKostanay» қосымшасына біріктірілді.

 

7.    Сондай-ақ, Астана қаласының тәжірибесі бойынша қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін «SmartKostanay» мобильдік қосымшасы әзірленді.

             Қол жетімді қызметтер: әкімшілік айыппұлдарды тексеру, әлеуметтік төлемдердің мәртебесін тексеру, учаскелік қызметкерді табу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, қаланың медициналық ұйымдары туралы байланыс ақпарат, қала мектептері туралы байланыс ақпарат, автовокзалдың, теміржол вокзалының, әуежайдың кестесі, Қазпошта трекингін тексеру, қаланың іс-шаралары туралы ақпарат, аудиогидтер, қаланың қызықты жерлері, жаңалықтар және басқалар.

             Сонымен қатар мынадай сервистер қосылды: Менің сайлау округім, тұрғын үй кезегі, медициналық мекемелерге шағымдар, қала дәріханалары бойынша дәрі-дәрмектер іздеу, университеттер, колледждер, бала-бақшалар, бала-бақшаға кезек нөмірі, Менің төлемдерім бөлімі, қалалық автобустар, авиабилеттер сатып алу, Gismeteo.kz ауа-райы болжамы.

Қосымша қосылатын сервистер:

Қала әкімдігі басшылығының қабылдауына жазылу;

Әкімдікке өтініштер беру;

Ағымдағы бос жұмыс орындарын іздеу (enbek.kz),

Түйіндемені іздеу (enbek.kz),

Автомобильдің техникалық тексеру мерзімін тексеру және одан өткізудің қажеттілігі туралы ескерту.

Тұрғын үй секторы, төлем қызметтері.

Бүгінгі күні қосымша іске қосылып, GooglePlay және AppStore-да жүктеуге қол жетімді.

 

8.    «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп аншлагтарға жаңа пошталық индекстері бар QR-кодының құрылыс сайттарын пайдалану» жобасын ендіру.

             Аншлагтар 1100 көп қабатты тұрғын үйлерде (қамту 100% құрайды), сондай-ақ қаланың мемлекеттік және әлеуметтік нысандарында орнатылды.

             Бұл аншлагтар берілген нысан бойынша барлық қажетті статистикалық ақпараттарды қамтиды.

 

9.    Үкіметтің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 88 қаулысын орындауда қала әкімдігі 3000 адам жоспарымен 8160 адамды негізгі цифрлық және кадрларды қайта даярлаумен қамтыды.

 

10.      Жоба бойынша «Интерактивті ақылды карта – көше, ғимарат, коммуникациялар схемасын» құру.

 

Қаланың ақылды картасы ол қоныстанған аумақтарға құрылыс салу объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдары құрылыстарын есепке алуға арналған.

 

Қаланың ақылды картасы мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: объектілердің типтерін қоғамдық, өнеркәсіптік және тұрғын үй аймақтарына көзбен бөлу, объектілердің паспорттары, ТҮКШ коммуникациялары, сондай-ақ жасыл екпелер мен су қорлары, автомобиль жолдары мен жол айрықтары, бағдаршамдар, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелері, аулаішілік өтетін жерлер мен қоғамдық көлік аялдамалары көрсетіледі, сондай-ақ ескерткіштер мен тарихи-мәдени ғимараттар туралы барлық ақпараттар көрсетіледі.

Бүгінгі күні қағаз тасымалдағыштан (планшеттерден) деректерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

хат жіберу