Блог статистикасы
195
Жазбалар
3608
Өтініштер
153092
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Желілердегі аноним пікірлерге тыйым салынады 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі заңға өзгерістерге қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  «Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды» деп хабарлайды. Заң мәтіні басылымда жарияланады.

Электрондық ресурстардың иелерін оқырмандармен ЭЦҚ немесе sms-сәйкестендіру пайдаланып, жазбаша келісім жасасуға міндеттейді. Бұл туралы ақпараттандыру туралы заңның 36-бабын 5-1-тармағымен толықтыру куәландырады.

Дербес деректерден айыру келісіммен белгіленген тәртіпте және негізде жүзеге асырылады.  Электрондық ақпараттық ресурстың иесі немесе меншік иесі  келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты оның қолданыстағы барлық кезеңі, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай ішінде сақтауға міндеттеледі.   

Парламент Сенаты желісінің деректері бойынша құжат бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио, ақпараттандыру және байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынасты құқықтық реттелуін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының Бюджет, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Кәсіпкерлік кодекстері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және «Халық денсаулығы және денсааулық сақтау жүйесі туралы» кодекстеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы», «Жарнама туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарға түзетулер енгізу көзделеді. 

Дерек көзі: https://tengrinews.kz 


хат жіберу