Қостанай қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Блог статистикасы
160
Blog
2332
Апелляциялық
86934
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)

Новости региона

Электр энергиясын, газды, суық және ыстық сумен жабдықтауды ажырату туралы ақпарат

Жолаушылар көлігіне арналған жолдарды жабу туралы ақпарат


Құрметті қостанайлықтар!

  «Мәңгі өшпес полк» акциясы Қазақстан мен Ресей қалаларында ғана емес басқа да алыс-жақын шет елдерде зор маңызға ие болып, жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде өткізіліп жатыр. 

Қала әкімдігінің бастамасымен 9 мамыр күні сағат 10.00-де облыс әкімдігі алдындағы алаңда  «Мәңгі өшпес полк» азаматтық-патриоттық акциясы  ұйымдастырылады.

Акция мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы естелікті мәңгі есте сақтау.

«Мәңгі өшпес полк» сапында жүріп өту үшін екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер-туыстарының суреттерін даярлап, алып шығу қажет. 

Сурет жақсы көрінуі үшін А3 форматта (30х40) әрі штендерде (қолға ұстайтын  таяқша) орнатылуы керек.

Егер Сіздің фотоальбомыңызда жауынгер суреті сақталмаса Аты, Тегі, Әкесінің аты және әскери атағы жазылған штендер жасатуға болады.

Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күні, барлығыңызды Біздің «Мәңгі өшпес полкімізді» құруға шақырамыз.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

 





хат жіберу
E-mail