Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146356
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиын

Бүгін Жеңіс паркінде ХХ ғасырдың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиын өтті.

Жиынға Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов, Қостанай қаласының әкімі Б.Ш.Жақыпов, соғыс және еңбек ардагерлері, қуғын-сүргін құрбандарының туыстары, облыс және қала маслихаттарының депутаттары, облыстық мекемелер коммерциялық емес үкіметтік ұйымдар, қоғамдық-саяси, ұлттық-мәдени және діни ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, ЖОО мен колледждердің  ректорлары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

         Жыл сайын еліміз 31 мамыр күні  саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алып өтеді. Қазақстан үшін бұл ерекше күн. Тар жол тайғақ кешу кезінде біздің республика миллиондаған совет азаматтары үшін жер аударылу орны болды. Бүгін халық қайғысы қайталанбауы үшін, тарихи сабақты қайта қарап, еліміздің шын мәнінде заңды да, демократиялы ел болып қалыптасуы үшін атсалысу - біздің мақсатымыз.

Жиынды салтанатты түрде ашқан облыс әкімі А.Мұхамбетов: " Халқымыздың ерлік пен елдікке толы жылнамасында қайғылы да қасіретті белестердің аз болмағаны шындық. Бүгін біз сондай кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде жиналып отырмыз. Бұл тарихи дәуірде Қазақстанды ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат миллиондаған адамның өмірін алды.

Осы арада, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басқанын айрықша атап өткен жөн.

Кеңестік билік саясатының нұсқауымен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностардың барлығы бүгін біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты", - деп атап өтті.

         Сонымен қатар жиында запастағы генерал-майор, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай  мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі М.Ю.Дауенов, ҚХА облыстық жастар қанатының мүшесі З.Цечоевалар сөз сөйледі.

         Жиын соңында үнсіздік минуты жарияланып, құрбандар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу