Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138838
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Мерейлі отбасы ұлттық конкурсы     

         2018 жылдың 19 мамыры күні Қостанай педагогикалық колледжінің акті залында, "Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ ұйымдастыруымен жыл сайынға "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді. Бұл ұлттық конкурс - өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

         Конкурсты өткізудің мақсаттары болып, отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың

маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау табылады.

Мерекелік іс-шараны ашқан Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Айдар Хусаинов, 2013 жылдан бері, жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Мерейлі отбасы" конкурсы қаламыздағы отбасылардың бірлігін, олардың құндылықтарын айқындайтын тағы бір себеп болып табылатынын, мерейлі жанұя ел болашағының тірегі екенін атап өтті.

         Барлық конкурсқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, кеш бойы "Мирас" МС мен педагогикалық колледждің шығармашылық топтарының әндері шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті.

 


хат жіберу