Блог статистикасы
195
Жазбалар
3529
Өтініштер
149778
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы белгіленген міндеттерді талқылау аясында, ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні Қостанай қаласы әкімдігінің кіші залында, Қазақстан Республикасы Мемлекетік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Б.Б.Оспанованың қатысуымен іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада кәзіргі замандағы мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру сұрақтары талқыланды.

Сөз алған Б.Оспанова, шараға қатысушыларды 2018 жылдың 01 қаңтарына Қостанай облысы бойынша мемлекеттік органдар саны, оларда қызмет жасайтын мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны және бос лауазымдарға  орналасуға өткізілген конкурстар туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, Б.Оспанова Қазақстан Республикасы Мемлекетік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы агенттігінің 2017-2021 жылдарғы арналған Стратегиялық жоспарының басты нысаналы индикаторларының бірі болып, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлердің үлесі екенін назарға ала отырып, аталған бағыт бойынша жүргізілетін жұмыстарды аса катаң бақылауға алынуы керектігін айтты.


хат жіберу