Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
147065
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Құрметті Қостанайлықтар! 

Сіздерді келе Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл әр қайсымыздың асыға күтетін сүйікті мерекеміздің бірі, жақсылықтың нышаны.

Жаңа жыл – біздің өміріміздің алдағы кезеңінің бастауы ғана емес, ол ойлаған арман-тілектің сөзсіз орындалуына үміт беретін себеп.

Біздің еліміздегі қалыптасқан ұлтаралық тұрақтылық,  рухани келісім, демократиялық принциптер экономикалық,  саяси,  қоғамдық  және мәдени өміріміздегі алдымызда тұрған келелі міндеттері жүзеге асырудың нақты кепілі болып табылады.

Келер жылы халқымыздың бірлігі, қажымас еңбегі, әл-ауқатының артуы арқасында, еліміздің одан әрі нығая түсетініне сенімдіміз.

Шаттыққа толы осынау мерекенің қарсаңында, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, құт-береке тілеймін.

Барлығыңызға жаңа жылдық кеште ізгі ниетпен тілейтін армандарыңыздың орындалуын тілеймін.

Жаңа жылдарыңызбен, қымбатты достар!

Құрметпен,Қостанай қаласынын әкімі                                       Б. Жақыпов


хат жіберу