Блог статистикасы
196
Жазбалар
2824
Өтініштер
135063
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Электронды-цифрлық қолтаңбаны бүгін ал» акциясы туралы

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылуының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарлап, жүзеге асыруда.

Осыған байланысты, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған «ЭЦҚ-ны бүгін ал» акциясы өткізілді.

Акция қалалық, аудандық ХҚКО-ның барлық бөлімшелерінде бір мезгілде өткізіліп, оның барысында азаматтарға ЭЦҚ алуға ұсыныстар жасалып, цифрлық қолтаңбаны қолданудың ұтымдылығы түсіндірілді.

Өз кезегінде, ішкі бақылау қызметтері қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама саласында бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында дайындалған арнайы Pocket-book мемлекеттік органдардың басшылары арасында таратылды. Атап айтқанда, кітапшалар қала әкімдігінің 16 құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 9 мемлекеттік қызмет көрсетушілер, 65 мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері арасында таратылды.

 

Қостанай қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметі


хат жіберу