Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112875
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Біріккен жоба

         Мемлекеттік органдардың 2017 жылғы есебіне сәйкес, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың Қостанай қаласы бойынша 46 % қызметтерді «бетпе-бет» алуды қолдайды. Бұл, шенеунікпен қызмет алушының арасындағы тікелей байланысқа алып келіп, ол өз кезегінде  сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерінің себептерін туғызады.

         Осыған байланысты, ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, ағымдағы жылдың 08 қаңтары күні Қостанай қаласы әкімдігінің әкімшілік ғимаратында, «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында, «электрондық үкімет» порталының мүмкіндігін мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің күшімен көрсету іс-шарасын өткізді.

         Аталған іс-шара, тұрғындарға «электронндық үкімет» порталында жұмыс жасауға көмек көрсетіп, оларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу