Блог статистикасы
195
Жазбалар
3260
Өтініштер
142685
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Астана күнімен!

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймын!

         Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.

         Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында, осыдан 20 жыл бұрын, қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді. 

         Қазіргі Астана - саяси көшбасшылар, іскери серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.   

Осы жарқын мереке қарсаңында, сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, береке мен табыс тілеймін.

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                            Б. Жақыпов


хат жіберу