Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138838
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Аппарат жиналысы

2018 жылғы 29 мамырда қала әкімі Б.Ш.Жақыповтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей сұрақтар қаралды:

-        жолдарды жөндеу барысы мен қаланы абаттандырудың дамуы, жаз маусымындағы автобус бағдарларының бау-бақша қоғамдарына дейінгі бағыттарға қозғалуы мен бау-бақша қоғамдарын сумен қамтамасыз ету;

-        кәсіпкерлік пен өндірістің дамуы, инвестициялық жобаларды іске асыру барысы;

-        қала аумағындағы көкөніс-жеміс өнімдерін сату барысындағы бау-бақша қоғамдарымен өзара әрекеттесу мәселелері.

         Бірінші сұрақ бойынша қала әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысы Тарасов Алексей Николаевич баяндама жасады.

         А.Тарасовтың айтуынша, өткен кезең бойынша қаламыздың транспорттық инфрақұрылымының дамуы келесідей сипатта: аула аралық жолдарды қоспағанда, қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық сапасының үлесі - 289,8 км (90 %), қанағатсыз жағдайда - 32,2 км (10 %). Нақты жағдайда, 2020 жылға қарай қаламыздың барлы негізгі көшелерін асфальт жабындысымен жабу жоспарланып отыр, содан кейін барып, V және VI техникалық категориядағы жолдарға ауысатын боламыз. Қаланың транспорттық инфрақұрылымының одан әрі дамуына 2018 жылы 6 млрд. теңге бөлінген. Барлығы 40,6 км жөндеу жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде: 39 қалалық көшелер, оның ішінде: 10 көшеге қайта жаңғырту, 6 көшеге орташа жөндеу және 23 көшеге ресайклирование тәсілімен жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

         А.Н.Тарасовтың баяндауынан, жолаушылар тасымалының қалалық және қала маңдық бағдарларының ішіне 9 саябақ бағдарлары, оның ішінде маусымдық бағдарлар 7 (41, 108, 113, 113А, 113Б, 114, 115), 2- тұрақты бағдар (42, 104) және 3 қала маңының бағдарлары (101, 107, 112) кіреді.

         Саябақ бағдарларына қызмет көрсету 1 мамырдан басталып 30 қырқүйекке дейін жалғасады, қозғалыс уақыты 06:50 сағаттан 21:40 сағатқа дейін жүреді. Аталған бағыттар бойынша қала тұрғындарына 91 автобус қызмет көрсетеді.

         Саябақ бағдарлары бойынша жолаушылар ағымының төмен болуына байланысты, және жанар-жағар май бағасы мен қосалқы бөлшектер бағасының шарықтауына байланысты аталған бағдарлар тиімділігі төмен болып тұр. Бүгінгі күні бірде-бір тұрақты бағдар субсидилер алмайды.

         Бау-бақша қоғамдарын сумен қамтамасыз ету бойынша.

         Қостанай қаласында 20 бау-бақша қоғамы бар, олардағы жер телімдерінің саны 22 610. Бау-бақша қоғамдарының алып жатқан жер көлемі 1 787 га құрайды, олардың ішінде:

         картоп егісі - 344 га;

         көкөніс егісі - 728 га;

         жеміс және бұталы өнімдер алқабы - 308 га.

Әр қоғамның суару кестесі белгіленген. 1 маырдан 1 шілдеге дейін сумен қамтамасыз ету аптасына екі рет, кейін, 30 қырқүйекке дейін аптасына үш рет жүргізіледі. Тобыл өзенінен суарылатын 17 қоғам, Қостанай-су МКК-нан 1 және жер асты суларынан 2 қоғам су пайдаланады.

         Баяндама соңында, қала әкімі Б.Жақыпов, барлық белгіленген кестеге сәйкес, қайта жаңғыртылатын, салынатын және жөнделетін жұмыстар бойынша жолдарды бақылауда қстауда, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының уақыты мен сапасына қатаң бақылау жүргізу сияқты тапсырмалар берді.

         Келесі сұрақ бойынша сөз алған, қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шоқанов Талған Алтынтасұлы.

         Т.Шоқанов баяндамасында көрсеткендей, Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, қаламызда 47 ірі, 112 орта, 4901 шағын кәсіпорындар және 18710 жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.2018 жылдың басынан бастап 78 жаңа кәсіпорын тіркелген және 185 жұмыс орыны ашылған. Ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылар саны - 53483 адамды құрады.

         Ағымдағы жылдың басынан бастап қала кәсіпорындарымен, кәзіргі бағамен, 86,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ол 2017 жылмен салыстырғанда 128,6 пайызды құрады.        

         Өз істерін жаңа бастап келе жатқан жас кәсіпкерлер үшін, облыстық кәсіпкерлік басқармасы ағымдағы жылдың мамыр айында, қаржылық грант алуға конкурс жариялап, оның жеңімпазы болып, «EduKey Online қосымша білім алудың жаңа технологиясын енгізу» жобасымен «EduKey» ЖШС (басшысы ГАЗИС Ануар Жанатулы) танылды. Грант соммасы 3 млн. тенге.

         Аталған бағыт бойынша қала әкімі Б.Жақыпов төмендегідей тапсырмалар белгіледі: өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің физикалық көлемі индексін, жылдық жоспар 105% жоғары деңгейге жеткізуді қамтамасыз ету, 2010-2017 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізуді жалғастыру, инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау, инвестициялар тарту жұмытарын жүргізу.

         Жиналыстың үшінші сұрағы бойынша, қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Муржакупов Елдос Болатханұлы баяндама жасады.

         Өз сөзінде Е.Муржакупов қаламыздағы бау-бақша қоғамдарының төрағаларымен, 24 мамыр күні "Бау-бақша қоғамдарының аумағындағы өртке қарсы қауіпсіздік туралы" жиналыс өткізілгенін атап өтті.

         Жиналыс барысында, қоғам төрағалары, қоғам күзеті, сумен қамтамасыз ету, электр қуатымен қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалы, бос жатқан жер телімдері сияқты сұрақтар бойынша көмек сұрайтындарын білдірген. Басты проблемалардың бірі болып, су құбырларының тозуы, соның салдарынан болатын авариялық жағдайлар және оларға кететін шығындар көлемі болып табылады.

         Осыған байланысты, саябақ қоғамдары төрағалырының өтініші бойынша, Қостанай қаласы әкімі орынбасары А.А.Хусаиновтың төрағалығымен, ағымдағы жылдың 01 мауысымы күні, ТҮКШ, жер қатынастары, заң бөлімдері өкілдерінің, жергілікті полиция қызметі, Қостанай Су кәсіпорыны, ЭПК-Форфайт және Тазалық ЖШС қатысуымен жиналыс өткізу туралы шешім қабылданды.

         Бау-бақша қоғамдарымен көкөніс-жеміс өнімдерін сату жұмыстары бойынша,, қала әкімдігімен, 2018 жылдың қаңтар айында №70 қаулы қабылданып, оған сәйкес, Қостанай қаласының аумағында 44 сауда жасау объектілері белгіленген.

         Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының баяндамасы қорытындысы бойынша қала әкімі Б.Жақыпов төмендегі тапсырмалар берді: ауыл шаруашылығы бөлімі, қала әкімінің баспасөз қызметімен бірлесіп, БАҚ арқылы саябақ тіршілігін сүйемелдеу, жер қатынастары бөлімі: иесіз жер телімдерін анықтап, оларды бау-бақшалықпен айналысқысы келетін азаматтарға жалға беруді жалғастыру, Жергілікті полиция қызметіне: бау-бақша аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саябақ аумағында жасалған ұрлық фактілері бойынша келіп түскен арыздарға жедел қимыл жасау.

  

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу