Блог статистикасы
196
Жазбалар
2824
Өтініштер
135063
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Құрметті әріптестер!

Қадірменді мемлекеттік қызмет ісінің ардагерлер! 

Сіздерді кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күнімен және мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Құрылғанына 20 жыл толып отырған мемлекеттік қызмет саласын кәсіби деңгейге жеткізу және мемлекеттік басқарудың бәсекеге қабілеттілігін артыруда мемлекеттік қызмет туралы заң, Президенттің бес институттық реформасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сынды құжаттардың алатын орны ерекше. Ондағы көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында аға буын өкілдерінің қажырлы еңбегінің арқасында мол тәжірибе жиналды.

Құрметті әріптестер! Халқымыздың достығы мен өзара түсіністігін одан әрі жалғастыра отырып, ынтымақ пен бірлікте еліміздің, қаламыздың әлеуетін көтерудегі еңбегіміз табысты болсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасында береке-бірлік жасампаз істеріңізде мол табыс тілеймін.

Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі                                            Б. Жақыпов


хат жіберу