Блог статистикасы
196
Жазбалар
2623
Өтініштер
117292
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі

29 қаңтар күні Қостанай қаласының әкімі Б.Ш.Жақыпов КСК, «Узкоколейная», «Киевский» аудандарының  тұрғындарымен  жыл сайын өткізілетін кезекті есеп беру кездесуін өткізді.

№13 НМ өткен кездесуге қала әкімінің орынбасарлары,  қала прокуроры, мемлекеттік мекемелер, құқыққорғау органдарының, коммуналдық кәсіпорындардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатынасты.

Кездесудің регламентіне сай, ең алдымен қала әкімі Қостанай қаласының 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалык дамуының нәтижелерімен және 2018 жылға қойылған мақсаттар бойынша баяндама жасады.

Содан кейін, Б.Жақыпов залдағы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сұрақтардың дені ТҮКШ, кейбір көшелердің жарықтандырылуы, көлік жолдарының

жағдайы, қоғамдық көліктер қозғалысы және балалардың ойын алаңдарының құрылысына қатысты болды.

Көптеген сұрақтарға қала әкімі сол жерде нақты жауаптар беріп, кездесу барысында көтерілген кейбір сұрақтар мен ұсыныстар, сәйкес қызметтерге орындауға тапсырылып, олар бойынша нақты іс-шаралар жасалатын болды.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспа сөз қызметі


хат жіберу