Блог статистикасы
195
Жазбалар
3529
Өтініштер
149779
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Қала әкімінің халықпен қорытынды есеп беру кездесуі

2018 жылдың 06 ақпанында Қостанай қаласының әкімі Б.Ш.Жақыповтың жоспарлаған жыл сайынғы халықпен қорытынды кездесуі Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде өтті.

         Кездесу Қостанай қаласының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың төрағалығымен және Қостанай қаласы әкімінің бірінші орынбасары, облыс және қала әкімінің орынбасарлары, Қостанай қаласы прокурорының, облыстық басқармалар, мемлекеттік мекемелер, құқыққорғау органдарының, коммуналдық шаруашылықтар басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

         Жақыпов Б.Ш. Қостанай қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2018 жылға қойылған міндеттер туралы баяндама жасап, соңынан, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар негізінен, ыстық және салқын су сапасы, көгілдір отын беруші ұйымның қызметі, ТҮКШ, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты мәселелер төңірегінде болды. Сонымен қатар, Қостанай қаласында балаларды оңалту орталығын ашу туралы сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті, дәлірек айтсақ, «Жизнь на ладони» қоғамдық бірлестігінің өкілдері аталған орталықты «Дельфин» бүлдіршіндер үйінің негізінде ұйымдастыруды ұсынды.

         Қойылған сұрақтар бойынша, кездесуге келген тұрғындар қала әкімінен нақтылы жауаптар мен түсініктемелер алды.

         Өз кезегінде, облыс әкімінің тапсырмасымен, ыстық және салқын су сапасы, көгілдір отын беретін «ҚазтрансГаз Аймақ» АҚ қызметі бойынша және балаларды оңалту орталығын ұйымдастыру сияқты өзекті сұрақтар бақылауға алынды.

Ескерту: Қостанай қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2018 жылғы қойылған міндеттер бойынша ақпаратпен, Қостанай қаласының ресми Интернет-ресурсының «Халықпен есепті кездесулер» салымында таныса аласыздар.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


хат жіберу