Блог статистикасы
195
Жазбалар
3529
Өтініштер
149782
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесуі

2018 жылдың 31 қаңтарында Қостанай қаласының әкімі Б.Ш.Жақыповтың, жоспарлаған жыл сайынғы халықпен кезекті кездесуі «Қостанай 2» ауданында орналасқан № 122 орта мектепте өтті.

         Кездесу қала әкімінің орынбасарлары, Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, мемлекеттік мекемелер, құқыққорғау органдарының, коммуналдық шаруашылықтар басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

         Жақыпов Б.Ш. Қостанай қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2018 жылға қойылған міндеттер туралы баяндама жасап, соңынан, кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып,   залдан келіп түскен өзекті сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар негізінен, ТҮКШ, жолдар сапасы, көше жарығы сияқты, сонымен қатар демалыс орталығы және бала-бақшаны қайта жаңғырту сияқты мәселелер төңірегінде болды.

         Барлық қойылған сұрақтар бойынша, аудан тұрғындары қала әкімінен нақтылы жауаптар алды.

Ескерту: Қостанай қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2018 жылғы қойылған міндеттер бойынша ақпаратпен, Қостанай қаласының ресми Интернет-ресурсының «Халықпен есепті кездесулер» салымында таныса аласыздар.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу