Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
142970
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Қала әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

2017 жылғы 26 желтоқсанда Қостанай қаласы әкімінің атынан жаңа жылдық шыршаға  әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 400 бала қатысты. Жаңа жылдық шырша қалалық балалар шығармашылық мектебінің үлкен залында «Жаңа жыл ғажайыптар елінде» театрландырылған карнавал көрінісі түрінде өткізілді.

Жаңа жылдық іс-шарада қала әкімінің орынбасары А.А.Хусаинов балаларды құттықтады.  

Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларға арналған іс-шара 2 кезеңде өткізілді.

1-5 сынып оқушыларына арналған «Жаңа жыл ғажайыптар елінде» жаңа жылдық ертегісі ұсынылды, содан кейін іс-шара Аяз Ата мен Ақшақармен бірге жалғасын тапты.

6-11 сынып оқушылары үшін «Жаңа жыл ғажайыптар елінде» жаңа жылдық ертегісі дайындалды, содан кейін іс-шара шыршаның жанында дискотека түрінде жалғасты.

Жаңа жылдық іс-шарада әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларға жылдық тәтті сыйлықтар таратылды, балалар ойындары мен байқаулары ұйымдастырылды.

  

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу