Блог статистикасы
195
Жазбалар
3260
Өтініштер
142685
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

2018 жылғы ҰБТ

2018 жылы ҰБТ он бесінші рет өткізілді.

Қала мектептерінің 11-сыныптағы 911 түлектің ішінде 609 түлек тестілеуге қатысты, оның ішінде 282 қазақ тілінде оқитын оқушылар және 327 орыс тілінде оқитын оқушылар.Түлектердің қатысу үлесі 66,85 %-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4% жоғары (2017 - 62,45%), бұл Қазақстан Республикасында жоғары кәсіби білім алу үшін түлектердің бағдарлануының өсуін көрсетеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша 2018 жылы орташа балл 93,89 баллды құрады. ҰБТ қорытындысы бойынша 2018 жылы орташа балл 93,89 баллды (2017 ж. - 89,36 балл) құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,53 балға жоғары. Оқыту тілдері контексінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің орташа балы 98,72 құрайды, ал орыс тілінде оқытатын мектептердің орташа балы 89,71.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, мектеп түлектерінің үш тілді еркін меңгеруі бойынша 2018 жылы алғаш ағылшын тілінде ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға мүмкіндік берілді. М.Горький атындағы гимназиясының 3 түлегі осы мүмкіндікті пайдаланып, ҰБТ ағылшын тілінде тапсырды, нәтижесінде орташа балл 97 балды құрады.

ҰБТ-ға қатысқан 609 түлектің 3-і болашақ мамандығы ретінде шығармашылық мамандықтарды таңдады. Оларға ҰБТ-да тек Қазақстан тарихын және оқу сауаттылығын тапсыру қажет болды.

2018 жылғы ҰБТ қорытындылары бойынша оқушылардың жетістіктерін талдау келесіні көрсетеді. 259 түлек 100 балдан артық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл көрсеткіш Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім беру грантын алуға мектеп түлектерінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Қостанай қаласының «бес» үздік түлектеріне келесі оқушылар енді: 133 балл - Малкенова Маржан (№10 ОМ); 132 балл - Сулейменова Элла (№2 МЛ), Майлыбаев Арлан (№15 ОМ); 131 балл – Утимисов Даурен (№10 ОМ), 130 балл - Аханов Ернур (СМГ) Кудебаева Томирис (СМГ).


хат жіберу