Блог статистикасы
196
Жазбалар
2746
Өтініштер
131926
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Жаным» қайырымдылық акциясы 

Жаңа жыл қарсаңында жыл сайынғы «Жаным» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Осы жылы да ол игі істер мен әрекеттерде өз жалғасын тапты.   Балалар қуанышпен қонақтарды, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды.  Кішкентай сәбилер жаңа жылдық киімдер киіп, тақпақтар, жаңа жылдық өлеңдер айтты, билеп, шыршаны айналды.

Акцияның басты мақсаты қиын өмір жағдайына душар болған балаларды қолдау, оларға Жаңа жыл қарсаңында атаулы көмек көрсету болып табылады.   

Қайырымдылық акциясы барысында 70 ұл және қыз балалар Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды.   

Қайырымдылық акцияға қолдау көрсеткен: Қостанай қаласының әкімі, әкім орынбасарлары, әкім аппаратының және Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлері. 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу