Блог статистикасы
195
Жазбалар
4722
Өтініштер
182883
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік органның құрылымы мен функциялары

Аппараттың мәні, мақсаты, функциялары және құқықтары

1.Аппарат қызметінің мәні қала әкімінің және әкімдігінің жұмысын қамтамасыз етуде ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

2.Аппарат қызметінің мақсаты қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

3.Аппараттың қала әкімін және әкімдікті ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ете отырып, мыналарды жүзеге асырады:

  • қаладағы ішкі саясат және экономикалық ахуалға талдау жасайды, оның дамуына болжау жасайды, қала әкіміне және әкімдігіне бағыныстағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасайды; қала әкіміне және әкімият мүшелеріне олар сұраған мәселелер бойынша ақпарат дайындайды;

  • басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әкімдіктің және әкімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түскен өтініштер мен ұсыныстарды жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;

  • қала әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

  • әкім аппаратында, әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде атқару тәртібінің жағдайын талдау және әкімге ақпарат беру;

  • жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді.

4.Аппарат әкімді және әкімдікті ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ете отырып, мыналарды жүзеге асырады:

  • Аппарат жұмысын жоспарлайды, әкімдік отырыстарын, мәжілістер, семинарлар және басқа да іс-шараларды дайындау және өткізуді ұйымдастырады;

  • Қала әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  • Әкімдік қаулылары жобаларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын дайындайды;

  • Облыс әкіміне және әкімдігіне әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін өзгерту, тоқтату, күшін жою, әкім және әкімдіктің қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келетін актілердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдіктің, қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің және тапсырмаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • Әкімнің және әкімдіктің актілерінің заңнамаға сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізеді;

  • Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, қала әкіміне және әкімдікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік қызметті атқаруға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді;

  • Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;

  • Аппаратта іс жүргізуді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді;

  • Қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

  • Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

  • Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту үшін жағдайлар жасайды;

  • Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5.Аппарат қала әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

  • қала әкімдігінің және әкімінің құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

  • өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша аппарат бөлімдерінің басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;

  • тиісті аумақтарда басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекет етуге;

  • қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған актілері жөнінде келісімді қамтамасыз етуге;

  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

хат жіберу